Преамбула нақты әрі жан-жақты жазылған — Индира Рыстина
Конституцияның преамбуласы нақты әрі жан-жақты жазылған. Бұл туралы «Референдум-2026» онлайн марафоны барысында саясаттанушы Индира Рыстина айтты.
— Преамбуланың не екенін және оны өмірде қалай пайдалануға болатынын қарапайым түрде түсіндіруге болады. Мәселен, мектеп оқушысы «біз кімбіз?» деген сұрақ қойса, оған ел ішінде де, шетелде де Конституцияның преамбуласын көрсету жеткілікті. Себебі онда біздің тарихымыздың бар екені, қандай қоғамда өмір сүріп жатқанымыз және қандай принциптерге сүйене отырып, қандай қоғам құрғымыз келетіні нақты жазылған, — деді ол.
Оның айтуынша, преамбула тек кіріспе мәтін ғана емес, елдің ұстанымдары мен бағыт-бағдарын айқындайтын бөлім.
— Ең қарапайым түрде айтқанда, онда әділетті Қазақстан қандай болуы керек, қандай тәртіп пен қағидаттарға негізделуі









